Басты бет

«Бетонмаш»  машина құрастыру зауыты (1991 жылға дейін – «Строймаш» зауыты) ТМД – да 70 жылдан артық бетон араластырғыш және бетон көліктік техникасының үздік өндірушісі болып табылады. 

Зауыт өндіреді және сериялы түрде дайындайды: 

- өнімділігі 20 - дан 150 м³/сағ дейінгі бетон араластырғыш құрылғылар;  

- бетон араластырғыштардың әртүрлі типтері:

    еріксіз: роторлық, планетарлық, екі білікті – дайын илеу көлемі  150 – ден  3000 л дейін;

    гравитациялық – дайын илеу көлемі  50 - ден 4500 л дейін;

- цементті түсіру және ауыстырып құю тораптары бар цемент қоймаларының көлемі  32 - ден 130 т дейін;

- құрғақ құрылыс қоспаларын өндіру бойынша қондырғылар. 

Зауыт мұнара БЕТ салмақ үлестіруші және араластырушы қондырғысын ауыстырып, оларды реконстукциялауды және жаңартуды жүзеге асырады. 

Құрылыс жабдықтарымен қатар, зауыт металлургия кешенінің машиналарына арналған қосалқы бөліктерді өндіреді: балқыту, құю, жаю және  тығыздау жабдықтары; агломерациялық фабрикаларға арналған механикалық және ұнтақтау – майдалау жабдықтары; кокс химиялық жабдық; пайдалы қазбаларды жер асты және ашық өндіруге арналған манишаналар; тасымалдаушы машиналар және жабдықтар.   
Зауыттың игерген бұйымдарының тізілімі 2 000 – нан артық.  Сонымен қатар, біз сұрыптаманы кеңейтуге мүдделіміз және біздің тапсырыс берушілерге қажетті жаңа өнімді шығаруды үнемі меңгеріп отырамыз.  

САПА БАҚЫЛАУЫ
ТББ шығаратын өнімінің сапасын бақылауды тексеру оны зауытқа келіп түсетін, материалдар мен шикізаттардың кіріс бақылауынан бастап, оны өндірудің толық циклін қамтиды. 

Орталық зауыттық метрологиялық зертхананың мамандандырылған аумақтары болаттар мен қорытпалардың, металл емес материалдардың барлық маркаларының химиялық құрамын тура дәлдікпен және жылдам орындауға, сонымен қатар макро және микроқұрылымды бақылауды жүзеге асыруға, механикалық қасиеттерін тексеруге, дәнекерленген жерлердегі және бұйымдардағы жасырын ақаулардың бүлінбес бақылауын орындауға  мүмкіндік беретін, заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген.     

ПАО «Бетонмаш» бүкіл өнімі ISО-9001-2001  сапа жүйесінде сертификатталған және сапасы бойынша алдыңғы қатарлы украиндық және шетелдік өндірушілерден қалыспайды. Зауыттың жетістігінің негізі жадбықты өндірудің технологиялық үдерістерін тұрақты жетілдіру және қатаң орындауда, шығарылатын бұйымдарды жетілдіру және  тізілімді жаңартуда, келісім міндеттемелерін нақты орындауда, өнімнің жоғары сапасы дәне нарық қажеттілігіне бағытталуында.